Текст
18.02.2025
қаңтар айының жоспарына сәйкес "Заң және тәртіп" жобасы аясында «Заман» дебат клубының ұйымдастыруымен 7-сынып оқушылары арасында мектепішілік дебат турнирінің финалдық кезеңі өткізілді.
Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Ақмол ауылы мектеп-гимназиясының қаңтар айының жоспарына сәйкес "Заң және тәртіп" жобасы аясында «Заман» дебат клубының ұйымдастыруымен 7-сынып оқушылары арасында мектепішілік дебат турнирінің финалдық кезеңі өткізілді....
18.02.2025
"Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы" КММ Қаңтар айының жоспарына сәйкес "Заң және тәртіп" жобасы аясында "Нашақорлық ең ауыр індет" тақырыбында нарколог Тошай Сахаба 10-11 сынып оқушыларымен кездесті. Мақсаты:Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір сүруге баулу.
18.02.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы" КММ "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 2 сынып оқушыларымен "Шалқан" ертегісіне көрініс. Мақсаты: Шалқан ертегісін сахналау арқылы балалардың ақыл-ойын, қиялын дамыту. Балаларды достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру.
28.01.2025
Ақмола облысы Целиноград ауданы “Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы” КММ Қаржылық сауаттылық Онлайн шопингтегі алаяқтық Сынып сағаты 9 "Ә" сынып Сынып жетекшісі: Баймурзина А.С.
28.01.2025
Ақмола облысы Целиноград ауданы “Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы” КММ Қаржылық сауаттылық
27.01.2025
Қаңтар айында пеште дайындалатын бөлкелер мен тәттілер, самсалар мен бәліштер, ыстық тамақ мәзірі мұқият қаралды. Олардың құрамы, мөлшерінің стандартқа сай және олардың дәмі мен сапасы жақсы екндігі анықталды. Сатылуға тиым салынған дайын өнімдердің мектеп асханасында жоқтығына көз жеткізілді. Мерзімі өтіп кеткен тағамдар, асхана тазалығы, ондағы құрал-жабдықтардың орналасуы мен заттардың орнымен талапқа сай.
23.01.2025
Ақмол ауылы мектеп-гимназиясының ұстаздарының "Ұстаз" платформасымен жұмыс жасау барысы
21.01.2025
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Әкелер клубының жетекшісі 8"ә" сынып оқушылары мен әкелер қауымына "Әке көрген оқ жонар" тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырды. Сабақтың барысында оқушылар әкелерімен қамшы жасау, оюдың түрлерін оюды көрсетті. Жетекшісі:Сәду М.С.
20.01.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясының 11 "Б" сынып оқушысы Батырғали Шапағат Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінде Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен 11-сыныптар арасында өткізілген аймақтық пәндік олимпиадада III орын иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Туркешова М.А.
20.01.2025
16 қаңтар күні 44813 әскери бөлімінің құрылғанына орай бөлімшелер арасында шағын футболдан өткізілген "44813 әскери бөлімінің командирі" жарысында Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы II орын иеленді.