Текст
26.02.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында 7 сынып оқушылары арасында "Биле, биле!" байқауы өткізілді✨
26.02.2025
КММ «Акмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының мектеп гимназиясында» ІІІ тоқсан ақпан айының жоспарына сәйкес Целиноград ауданының КПП Аға жедел уәкілі полиция майоры Капаров Ж.Т. және Целиноград ауданының КПП жедел уәкілі полиция капитаны Рсалиева Ж.А. және тәрбие ісінің орынбасары Туленбекова Ш.К. 9,10,11 сынып оқушылармен кездесу өткізіп, әңгіме жүргізді.
КММ «Акмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының мектеп гимназиясында» ІІІ тоқсан ақпан айының жоспарына сәйкес Целиноград ауданының КПП Аға жедел уәкілі полиция майоры Капаров Ж.Т. және Целиноград ауданының КПП жедел...
25.02.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясының кітапханашылары 9 сынып оқушыларымен "Қыз Жібек" операсының 90 жылдығына орай дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел өте қызықты өтті, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, тақырыпты барынша талқылауға тырысты. Қыз Жібек — қазақтың ең көне мұраларының бірі, лиро-эпостық дастан. «Қыз Жібек» жыры — аңыз емес, тарихи оқиға, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Жырдың негізгі кейіпкерлері — Төлеген мен Жібек бірін-бірі шын сүйген ғашықтар, бірақ әке батасынан аттап кеткен Төлегеннің өлімі мен Жібектің қайғылы тағдыры талай жанарларға жас үйірілтпей қоймайды. Жібек бейнесі — сұлулық пен әсемдіктің нышаны, қазақ халқының мақтанышы, рухани ескерткіш.
24.02.2025
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп. 2024 жылы қоғамдық талқылауға «Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол мектеп-гимназиясы» КММ мемлекеттік қызметтер саласындағы қызмет туралы есебі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есеп.
2024 жылы қоғамдық талқылауға
«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол мектеп-гимназиясы» КММ
мемлекеттік қызметтер саласындағы...
24.02.2025
Қоғамдық талқылау
Қоғамдық талқылау
"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы" КММ Сіздің назарыңызға 2025 жылғы 1 наурыздан бастап ресми интернет-ресурста "Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы...
19.02.2025
Қаражар ауылының мектеп-лицей базасында 9-11 сынып оқушыларына арналған Қ.Бітібаева атындағы олимпиаданың аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңге мектебіміздің 11 сынып оқушылары Тойшыбек Ерасыл мен Алматұлы Әбілмансұр қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды.
18.02.2025
"Балалар кітапханасы жобасы” аясында “Шын жүректен кітап сыйла” акциясы өтті. Мақсаты: оқушылар мен ұстаздар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттап, кітап алмасу дәстүрін қалыптастыру, өзі оқыған кітаптарын достары да оқысын деген мақсатта кітапқа деген қызығушылықты арттыру, таным аясын кеңейту, мейірімділік пен жомарттыққа тәрбиелеу, сондай-ақ әдебиет арқылы білім мен эмоцияны қоғамдық ортаға жеткізу. Бұл арқылы оқушылардың бойында кітапты қадірлеу мен оқуға деген ынтаны арттыруға мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар, кітап арқылы әлемді тану, ой-өрісін кеңейту, өз тәжірибесін басқалармен бөлісу мәдениетін дамыту көзделеді.
18.02.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы" КММ 14 ақпан күні «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні» республикалық акциясы аясында мектебімізге құтқарушы өрт-сөндірушілер келіп оқушылар арасында өрт қауіпсіздігі жайлы әңгіме жүргізіп, бейнероликтер көрсетті.
18.02.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясының кітапханасында "Отты жылдар жаңғырығы" атты Ауған ардагерлеріне арналған кітап көрмесі өтті. Мақсаты: Жеңістің маңызын түсіндіру арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру.
18.02.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында 9-10 сыныптар арасында «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында "Алау 2025" әскери-спорттық сайысы өтті.
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында 9-10 сыныптар арасында «Ауған асуында от кешкендер» тақырыбында "Алау 2025" әскери-спорттық сайысы өтті.
Сайыс нәтижесінде:
🥇I орын - 10 "Б" сыныбы
🥈II орын - 9 "Ә" сыныбы
🥉III орын - 9 "В" сыныбы иеленді.
Сонымен...