Текст
18.02.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында Целиноград АПБ криманалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция майоры Сатылганов Эрик Турумбекович, Учаскелік полиция инспекторы Балғожин Айбек Мұратұлы, Кәмелетке толмаған істер жөніндегі аға учаскелік инспекторы полиция капитаны - Балғожина Аида Манатайқызы, 5-8 сынып оқушылары арасында "Құқық бұзушылыққа жол жоқ!" тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізді. Әңгіме барысында скутер, жол ережесі, түнгі жүріс, жастар арасындағы құқықбұзушылықтар жөнінде тақырыптар қозғалды.
18.02.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясының оқушылары аудандық Мұқағали оқуларына қатысып, 9 "Ә" сынып оқушысы Исланбек Айбибі "Айтып өткен ақында арман бар ма?" номинациясы бойынша жүлделі ІІ орын, 9 "Ә" сынып оқушысы Үкібай Тоғжан "Жыр эстафетасы" номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орын иеленді. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баймурзина А.С.
18.02.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында Целиноград ауданы бойынша ішкі саясат бөлімі теолог маманы Тебереков Жасшан 6-7 сынып оқушыларымен "Оқушылардың діни радикалдануында әлеуметтік желінің кері әсері" тақырыбында профилактикалық әңгіме жүргізді.
18.02.2025
Бүгін Ақмол ауылының мектеп-гимназиясының оқушылары Целиноград ауданы бойынша білім бөлімімен бекітілген "Жастар-2025" спартакиадасының аясында, аудан мектептерінің арасындағы өткізілген шаңғы жарысына қатысып⛷️ Қадыр Еркебулан 1-орын Елубай Инабат 3 -орын иеленді Жалпы командалық есепте Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы 3-орын иеленді.
18.02.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында "Дүниежүзілік сайлау күніне" орай оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
18.02.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясының Парламенті жалпы республикалық “Есірткіге жол жоқ!” челленджін қолдайды.
18.02.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы"КММ "Заң және тәртіп" жобасы аясында ұйымдастырылған "Есірткіге жол жоқ!" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Мақсаты: жаман әдеттерден аулақ болуға, жақындарына қамқоршылықпен қарауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. 10"а" сынып Сынып жетекшісі:Замзиева А.Қ.
18.02.2025
2025 жылы қаңтар айының 31 күні өткен 5-11 сынып оқушылары арасында А.С.Пушкин оқуларының аудандық кезеңінде Ақмол ауылының мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы Жалғас Айару I дәрежелі диплом иеленді. Жетекшісі: Жумабаева А.А.
18.02.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы" КММ Информатика сабағында "Smart Bala" жобасы аясында пән мұғалімі 8 "Б" сынып оқушыларына "Topig.kz" жүйесі арқылы электронды оқулықты қолдана отырып сабақ өткізді.
18.02.2025
Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында Біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында 2-4 сыныптар арасында "Жылдам оқу" байқауы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың оқу техникасын тексеріп, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.