Текст
07.11.2024
6 қараша күні Қоянды ауылының номер 2 жалпы орта білім беретін мектебінде "Жаратылыстану пәндерін оқытудағы заманауи әдістері" тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: Ізденімпаз, жаңашыл педагогтердің жаратылыстану пәндерін оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер мен технологиялар бойынша әдістемелік тұрғыдағы нәтижелерін насихаттау Семинарда өз тәжірибесімен бөлісіп, аудандық білім бөлімінің басшысының атынан сертификат қа ие болған мектебіміздің химия пәні мұғалімі Халимбетова А.А , физика пәні мұғалімі Бустанова А.К, математика пәні мұғалімі Бегалы А.Ә.
07.11.2024
2024-2025 оқу жылында 29 қазан–2 қараша күндері Ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың III (облыстық) кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша Ақмол ауылының мектеп-гимназиясының 11 "Б" сынып оқушысы Батыргали Шапағат “Қазақ тілі мен әдебиеті” пәні бойынша III дәрежелі диплом иеленді. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Туркешова Манара Амановна
29.10.2024
Ақмол ауылы мектеп-гимназиясының №2 педагогикалық кеңесі отырысының хаттамасы
Протокол заседания педагогического совета No2 Акмолинской сельской школы-гимназии
Акмол 28 октября 2024 года
Пропущенный формат: офлайн
Председательствует и.о. директора школы М.Байбулатова
Участники – учителя гимназии Акмолинской школы.
...
17.10.2024
Бос жұмыс орындары
Байқау туралы хабарландыру
Бос лауазымның атауы:
Дене шынықтыру пәні мұғалімі ...
02.10.2024
Ақмола облысы Целиноград ауданы "Ақмол ауылының мектеп-гимназиясы"КММ
02.10.2024
Бүгін Ақмол ауылының жалпы орта білім беретін мектебінінің базасында "Алтын сақа" олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға Ақмол ауылы мектеп-гимназиясының 5-6 сынып оқушыларынан 23 оқушы қатысты.
02.10.2024
Целиноград ауданының Жастар ресурстық орталығы аудан жастары мен белсенділерімен бірге ауыл тұрғыны Валентина Николаевнаның үйіне барып, ауласын тазалау жұмыстарын жүргізді. Бұл игі іс жастарымыздың үлкендерге деген құрметін білдіріп, қоғамға өз үлесін қосу жолындағы маңызды қадам болды. Мұндай шаралар аға буын мен жас ұрпақ арасындағы байланысты нығайтып, қамқорлық пен ізгілікке шақырады.
02.10.2024
Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бүгін Целиноград ауданындағы Ақмол ауылында тағы бір білім ұйымы есігін айқара ашты. Ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысты. Мектеп ауысымына 1200 бала қабылдай алады. Мұнда 93 кабинет, оның ішінде 4 информатика кабинеті, 7 мамандандырылған кабинет, 2 спорт залы, асхана, кітапхана, хореография кабинеттері бар. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мектептің ашылуымен құттықтап, жаңа оқу жылында облыста 5 мектеп ашылғанын, оның төртеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынғанын атап өтті. Оқушылар мен ұстаздар алдында сөз сөйлеген Білім министрі Ғани Бейсембаев Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының білім сапасын арттыру, қала мен ауыл мектептерінің айырмашылығын теңестірудегі маңыздылығын атап өтті.
12.09.2024
“Мектепке жол” акциясы аясында Бастауыш ӘБ ұстаздары жылдағы дәстүр бойынша аз қамтылған,көмек қажет оқушыларымызға мектеп формасы, спорттық киім, оқу құрал-жабдықтарын сыйға тартты. Әріптестеріме көп алғыс айта отырып,жүректен жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге мың еселеніп қайтсын дегім келеді.
11.09.2024
Бос жұмыс орындары
Байқау туралы хабарландыру
Бос лауазымның атауы:
Алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі ...