2025 жыл 26 тамыз күні Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында педагогикалық кеңес өтті.
Күн тәртібі:
1) ҚР ОАМ әдістемелік-нұсқаулық хатын, жаңа нормативтік актілермен және бағдарламаларға шолу, "Адал азамат", біртұтас тәрбие бағдарламасының мәселелері, білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары, 2025–2029 жылдарға арналған білім беру жүйесіне ЖИ енгізудің тұжырымдамалық тәсілдері, ЖИ этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулық және ҚР білім беру ұйымдарында ЖИ қолданудың этикалық стандарттары, педагогтердің құқықтарын қорғау және кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіру.
2) Талқылау және бекіту:
- мектептің оқу жұмыс жоспары
- мектептің білім алушылар тізімдік құрамы
- педагогтердің оқу жүктемесі (тарификация)
- сабақ кестесі
- мектепті дамыту жоспары
- педагогикалық кеңестің жұмыс жоспары
- әдістемелік кеңес жоспары
- "Ұстаз" платформасын қолдана отырып сабақтарды бақылауды қоса алғанда, мектепішілік бақылау жоспары
- әдістемелік бірлестіктердің жұмыс жоспарлары
- педагогтердің біліктілігін арттырудың перспективалық жоспары
- білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары
- білім беру процесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз ететін мектепішілік құжат
- білім беру ұйымының ерекшеліктерін ескере отырып, басқа да жоспарлар;
3) Нормалар мен ережелерді талқылау:
- санитарлық нормалардың сақталуы
- білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру
- қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету
- инклюзивті ортаны ұйымдастыру
- мектеп қызметкерлеріне арналған ішкі еңбек тәртібі ережелері
- мектептің жұмыс кестесі
Және әртүрлі мәселелер қарастырылды.