Текст
2025 жыл 13 тамыз мектебімізде «Ауыл мектебі – ел болашағы» тақырыбымен Республикалық тамыз конференциясының сессиясы өтті.
📚 Секция жұмысына еліміздің әр өңірінен ауыл және шағын жинақты мектеп директорлары, педагогтер, әдіскерлер, білім беру ұйымдарының өкілдері және сарапшылар қатысуда. Қатысушылар ауыл мектептерін дамыту, әдістемелік қолдау, инклюзияны енгізу, білім сапасын арттыру, цифрландыру, инновациялық тәсілдерді қолдану бағыттарында тәжірибе алмасады.