22.05.2025
Целиноград ауданына қарасты білім беретін мекемелерде балалар қауіпсіздігінің мәселелері бойынша 2025 жыл 22-мамыр күні Ақмол ауылының мектеп-гимназиясында Целиноград ауданы учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Фархад Еркінұлы Каленов жазғы демалыс уақытында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, қылмыстың алдын-алу, тиым салынған уақытта жүрмеуін ескерту, төбелестердің алдын-алу тақырыптарында оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар балаларға арналған суда, өрт кезінде, терезеден құлау, киберқауіпсіздік, табиғатта, жолдарда, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті тақырыбында бейнероликтер, жадынамалар таратылып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
🔹Кибербуллингтің алдын алу — бұл маңызды әлеуметтік мәселе, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында.
🔹Жол қауіпсіздігінің алдын алу — бұл адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды шаралар жиынтығы. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін бұл тақырыпты түсінікті әрі жүйелі түрде жеткізу қажет.
🔹Терезеден құлаудың алдын алу – әсіресе оқушылар мен ата-ана үшін маңызды